Еліміздің батыс өңірлеріндегі сайлау учаскелері жаңа ғана жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс өңірлеріндегі сайлау учаскелері жаңа ғана жұмысын бастады

20.11.2022

Жандос Темірғали, тілші: 

Батыс аймағындағы уақыт айырмашылығына сай, саяси доданың шымылдығы сағат 7-де түрілді. Қазір тура 7 ден 2 минут кетті. Өңірде 261 сайлау учаскесі бар. Біз қазір Көкарна ауылында орналасқан №62-ші дауыс беру бөлімшесінде тұрмыз. Мұнда 2400ден сайлаушы тіркелген. Ал, облыс бойынша бұл көрсеткіш 410 мыңға жуықтайды. Оның 13 мыңдайы өзге облыстардың тұрғыны . Бүгін сайлауға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің бәрі жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сонымен бірге өндірісі тоқтаусыз жүретін мұнай кен орындарына да көшпелі пункт апарылады. Ал, Каспийдегі аралда орналасқан Қашаған кенішіне арнайы тікұшақ жібереледі.


Хабарламаларға жазылу