Еліміздің батыс өңірлерінде сайлау учаскелері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс өңірлерінде сайлау учаскелері ашылды

10.01.2021

Батыс аймақтарда сайлау учаскелері енді ашылды. Қазір бізге Атырау өңіріндегі ахуалды меншікті тілшіміз Жандос Темірғали баяндайды.

Жандос Темірғали, тілші: 
Батыс аймағындағы уақыт айырмашылығына сай, саяси доданың шымылдығы сағат 7:00-де түрілді. Өңірде 265 сайлау учаскесі бар. Бәрінде санитарлық талап қатаң сақталған. Біз қазір қаланың орталығында орналасқан №8-ші дауыс беру бөлімшесінде тұрмыз. Мұнда 1145 сайлаушы тіркелген. Ал, облыс бойынша бұл көрсеткіш 400 мыңнан асады. 

 
Эпидахуалды одан бетер ақсатпау үшін, саяси науқанның жұмысына жұмылдырылған байқаушылар мен сайлау комиссиясының мүшелері және сенім білдірілген адамдардың барлығы ПТР-тест тапсырды. Тағы бір айта кетерлігі, бүгін сайлауға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің бәрі жолаушыларды тегін тасымалдайды. 

Хабарламаларға жазылу