Ұлттық арнаның белгілі журналисі Қалыбек Атжан зейнет демалысына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның белгілі журналисі Қалыбек Атжан зейнет демалысына шықты

31.03.2017

Қазақ журналистикасының қара нары - Қалыбек Атжан 63 жасқа келді. Соңғы 40 жылдан бері қалам ұстаған қарымды журналист. Соның 37 жылында телерадио саласында қызмет атқарды. Еңбек жолын журналист болып бастаған Қалыбек ағамыз журналист болып зейнет демалысына шығып отыр.

Еңбек жолында 1985 жылы «КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі» атты марапатқа ие болған. Одан бері де талай жүлделер мен наградаларды алды. Тіпті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше мәрте алғысын алған ерен еңбек иесі.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу