Ұлттық арна қызметкері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қызметкері марапатталды

25.06.2014
Ұлттық арна қызметкері  марапатталды
Қазақстан Журналистер одағы БАҚ өкілері арасындағы шығармашылық жұмыстар жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысын шығарды.
 
Бүгін Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында журналистердің кәсіби мерекесіне орай үздік журналистер марапатталды.
 
Қазақстан  Журналистер одағының шешімі бойынша «Алтын жұлдыз» белгісі «Қазақ энциклопедиясының» директоры, ақын, публицист Бауыржан Жақыпқа бұйырды.
 
Ұлттық арнаның журналисі Қалыбек Атжан «Қазақстанның құрметті журналисі» атағымен марапатталды.
 
Бейбіт Құсанбек атындағы жүлде «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі Маржан Болатханқызына берілді. 
 
Қалыбек Атжан, «Қазақстан» РТРК» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы:
Бүгінгі көрерменнің талғамы таудай. Көрермен көңілінен шығу - журналистің асқаралы міндеті. Шын мәнінде біз содан шығып жатырмыз ба, ақпаратты дер кезінде жеткізіп, көкейге қонатындай етіп беріп жатырмыз ба? Әрине, оның  таразысы, әділ бағасын беретін  - халық. Біз сол міндеттің биігінен көрінсек, әрі азаматтық, әрі журналистік парызымыздың орындалғаны.
 
Нұрлан НАУРЫЗӘЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу