Тоқаев: Қарақшылардың әрекетін ақтауға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев: Қарақшылардың әрекетін ақтауға болмайды

16.11.2022

Қаңтарда қастандық ұйымдастырған қарақшылардың әрекетін ақтауға жол берілмейді. Алматыға жұмыс сапары кезінде Президент, қазір кейбіреулер қаңтар қасіретін халық шеруі деп ақтауға тырысып жүргенін жеткізді. Бұның дұрыс емес екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, бұзақылық жасағандарды дәріптеп, олардан қаһарман жасаудың қажеті жоғын ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздің алтын бесігі – Алматыны қиратып жатқаны осы қаланың перзенті ретінде менің де жаныма батты. Дегенмен, дәл сол сәтте абдырап, уақыт ұттыруға еш қақымыз болған жоқ. Онда әбден дандайсып кеткен қарақшылар қаламызды күл-талқан етер еді. Өкінішке қарай, қазір кейбіреулер қылмыстық әрекетті халық көтерілісі деп ақтауға тырысып жүр. Халықтың бейбіт шеруі мен қарақшылар жасаған қанды қылмыстың арасын ажырата білу керек. Біз жедел және батыл әрекет жасағанның арқасында ел ішінде дереу тәртіп орнаттық. Қабылдаған шешімдеріміз және іс-әрекетіміз бүкіл дүние жүзінде түсіністікпен мойындалды, тіпті қолдау тапты.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу