Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады

27.10.2016
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы полиция колледжінде орын алған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды. Қандай мақсатта болса да, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды. Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Пәкістанмен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Пәкістан халқына көңіл айтып, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына сабырлылық тіледі, сондай-ақ жарақаттанғандардың тезірек сауығып кетуіне ниеттестігін білдірді.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу