Түркістанда А.Байтұрсынұлының 12 томдық жинағы жарыққа шықты
Ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Түркістанда Халықаралық түркітанушылар конгресі өтіп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Ресейден белгілі ғалымдар қатысып, Алаш арысының еңбектерін сөз етті.
Конгресс аясында Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық жинағы таныстырылды. Ғалымның төрт тілде әзірленген таңдамалы шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Басқосуда ТҮРКСОЙ әзірлеген «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан әзірленген «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық төсбелгісін табыстау рәсімі өтті.
Гүлжанат Ерджиласун, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры:
Кеңестік кезеңде біз әлі Ахмет Байтұрсынұлы немесе Алаш арыстарының атын атай алмаған кезде Түркияда Ахметтану туралы, оның шығармалары бойынша еңбектер, диссертация қорғалып жатты. Биыл Түркияда А.Байтұрсынұлы кім дегенде, жан-жақты таныстыратын еңбекті біз дайындап, оның тұсаукесері 8 желтоқсанда болады. Себебі 8 желтоқсан Ахмет атамыздың атылған күні. Сол күні біз кітапты таныстырып, жылдың қорытындысын сол кітаппен жиынтықтайын деп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18