Павлодардағы шыны өңдейтін зауыт өндірісті арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы шыны өңдейтін зауыт өндірісті арттырды

14.11.2022

Павлодардағы «Стекло мир» кәсіпорны тәулігіне 3 мың шаршы метр шыны пакеттерін шығара бастады. Өндірістің қарқын алуына мемлекеттік бағдарламалардың септігі тиді. Қаржылық қолдаудың арқасында өндірістік желілер жаңғырып, Еуропалық технологиямен жаңартылды. Қазір зауытта күйдірілген, ламинадталған, боялған және иілген шыны түрлері жасалады. Мәселен, еліміздің ішкі нарығына жыл сайын 14 млн шаршы метрге дейін шыны қажет екен. Соның 50 пайызға жуығын өткен жылы Павлодардағы кәсіпорын қамтамасыз еткен. Соңғы уақытта отандық өнімге шетелден сұраныс артты.

Владимир Высоцкий, кәсіпорынның бас директоры:
Өндірісті ұлғайтудың нәтижесінде өте күрделі өнім түрлерін жасауға мүмкіндік туып отыр. Көлемі 3-6 метрлік шыны пакеттері дайындалады. 100 адамға қосымша жұмыс орны ашылды. Егер үш ауысымға көшсек тағы 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Біз «Өндіріс», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларына қатысып, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп отырмыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу