Ел өңірлерінде қорғаныс құралдары көптеп шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел өңірлерінде қорғаныс құралдары көптеп шығарыла бастады

19.03.2020

Петропавлда антисептик өнімдер шығарыла бастады. Осыған дейін сабын шығарып келген зауыт үш күннің ішінде инфекцияны зарарсыздандыруға арналған сұйықтық өндірісін бастап кетті. Осы тектес өндірістер еліміздің әр өңірінде қолға алынып жатыр.  

Шымкентте де антисептик өнімдерін шығаратын кәсіпорын өндірісті арттыра түсті. Қазір зауыт күніне 4 тонна тауар шығарады. Тігін цехтары да жұмысын еселей түсті.

Бұған қоса, Павлодардағы кәсіпорындар да өндірісті әртараптандыруға кірісті. Тігіншілер тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Ал Көкшетаудағы тұрмыстық химия зауыты антибактериалды қарсы өнім шығаруды қолға алды. Кәсіпорын 3 күнде өндіріс желісін толықтай жаңа өнім даярлауға бейімдеген. Қазіргі уақытта15 мың литр көлемінде тапсырыс алған.

Сағындық МАУҒАЗИН

Хабарламаларға жазылу