Сенаторлар Павлодарға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар Павлодарға келді

10.02.2014
Сенаторлар Павлодарға келді
Өндірісті өркендету  - бүгінгі күннің шаруасы. Бұл жөнінде Елбасының биылғы Жолдауында нақты айтылды. 
 
Индустрияландырудың келесі сатысы отандық кәсіпорындарды жаңғыртып, шикізаттық емес өнім түрін көбейтуді көздейді. Парламент Сенатының депутаттары бүгін түсті металлургия саласындағы алып кәсіпорын – Павлодардағы электролиз зауытында болды.
 
Кәсіпорын  қазір тәулігіне 680-700 тонна дайын қалайы шығарады.   Болашақта  алюминийден дайын өнімдер жасау жоспарланып отыр. Олар негізінен ішкі нарыққа бағытталады. Экспорт жайы да шешілген. Зауыт жұмыскерлерінің 70 пайыздан астамы - жастар.
 
Оларға әлеуметтік тұрғыдан қандай жеңілдіктер қарастырылған? Депуттаттар осыны сұрастырды.
 
Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламент Сенатының вице-спикері:
Ең мықты деген 200 зауыттың ішіндегі ең алдынғысы. Яғни, барлық жағынан әлемдік талаптарға сай зауыт. Міне, бұл Қазақстанның қазіргі күнгі жетістігінің бірі, деп айтуға болады.
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу