Жазушы Кәмен Оразалиннің музей-үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Кәмен Оразалиннің музей-үйі ашылды

14.11.2022

Абай облысының Қарауыл ауылында көрнекті халық жазушысы, ұлағатты ұстаз, абайтанушы, мұхтартанушы – Кәмен Оразалиннің мұражай-үйі ашылды. Кәмен Оразалин «Көктем салқыны», «Ақжазық», «Абайдан соң» романдарының авторы. Жазушы еңбектерінде Абайдың қазақ халқы тарихында өшпес ізі мен Мүхтар Әуезовтың еңбегін насихаттаған. Музей оның өзі тұрған үйінде ашылды. Оған тұлғаның пайдаланған заттары, фотосуреттері, қолжазбалары мен кітаптары қойылған. Қазір қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты 3 мыңға жуық жәдігер бар. Мәдени ошақ «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қарауындағы Абай музейінің оныншы бөлімі.

Елдар Оразалин, К.Оразалиннің ұлы:

Әкейдің артына қалдырған мына ғажайып үлкен жәдігерлер, небір шежіре дүниелер. Соның бәрі кейін қазақтың халқы үшін, ел игілігіне айналса деген ой болған. Арман болған. Бүгін сол арман орындалды ойлаймын.

Төлеген Жанғалиев, ақын:

Енді біз сол кісінің шәкіртіміз. Ол кісі жазушы ғана емес, мыңдаған, жүздеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарған. Менің қуанып тұрғаным, Кәмен мүғалім 90 жасағанға дейінгі ғұмырының барлығы оның бірінші өмірі. Тіршіліктегі өмірі ғой. Оның екінші өмірі басталды.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу