Әуезов мұраларын заман талабына сай қайта аудару керек – Питер Роллберг
Әуезов мұраларын заман талабына сай қайта аударып, АҚШ оқырмандарына ұсыну керек. «Кеңес одағы тұсындағы Қазақтан киносы» кітабының авторы, америкалық зерттеуші Питер Роллбергтің пікірі осындай.
Вашингтон унирверситетіндегі Абай орталығында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай өткен «Ұлы Әуезов мұрасын ұлықтау» атты халықаралық ғылыми конференцияға Қазақстан, АҚШ, Түркия ғалымдары қатысты. Сондай ақ қазақтың өзге де классик жазушыларының шығармаларын ағылшын тіліне аудару, балалар әдебиетін АҚШ-тағы қазақ диаспорасына ықшамдап ұсыну бастамалары көтерілді.
Питер Роллберг, Кинотану және халықаралық қатынастар профессоры:
Егер «Әуезовтың «Көксерегін» алсақ, бұл әңгімені кез келген оқырман түсіне алады. Бірақ, басқа елдің оқырмандарына таңсық, ұлттық ерекшеліктер көрініс беретін дүниелерде кіріспе жасау керек, мамандар мағынасын түсіндіріп отыру қажет. Бұл Абай жолына да қатысты. Меніңше, романды қайта аударып, түсіндірмелерін қосу керек. Яғни, көзі қарақты американдық оқырман шығарманың мән мағынасын бойлауы тиіс. Сөзсіз, бұл бірегей туынды. Сондықтан оның бірегейлігін батыс оқырманы түсіне алуы маңызды.
Жалғас Сәдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10