Бүгін Қызылордада 60 пәтерлік тұрғын үй ел игілігне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қызылордада 60 пәтерлік тұрғын үй ел игілігне берілді

28.12.2018

Мердігер мекеме нысанды жоспарға сай мерзімінде тапсырды. «Сапасында мін жоқ», - дейді мамандар. Жаңа баспанаға қол жеткізген жұрттың қуанышында шек жоқ. Бұл мереке қарсаңындағы керемет сый болды. Бұдан бөлек, өңірде қазір 46 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, облыста тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алды.  402 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бұл былтырға қарағанда 2,4 пайызға артық.

Жадыра Ақынбек, қала тұрғыны:

- Бүгін отбасымыздың арманы орындалып, жеке баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. Қуаныштымыз. Үш бөлмелі пәтерлі болып жатырмыз. Жаңа жылды жаңа қоныста қарсы аламыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу