Нанкин-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков финалға шықты

24.08.2014
Нанкин-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков финалға шықты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаковтар Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында финалға жолдама алды.

Жастар арасындағы Әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) жартылай финалда венгр боксшысы Ричард Коннюді 3:0 есебімен жеңді. Ал, Вадим Казаков (81 келі) армениялық Нарек Нанасиянды 2:1 есебімен ұтып, финалға шықты.

Абылайхан Жүсіпов 27 тамыз күн финалда кубалық Алэйн Лимонта-Боудетпен жекпе-жек өткізсе, Вадим Казаков болгариялық Благой Найденовпен жұдырықтасады .

Бүгін, сондай-ақ, 49 келідегі қазақстандық боксшы Шалқар Айқынбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

Хабарламаларға жазылу