Шығыстағы Самар ауданында әлеуметтік нысандар жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Самар ауданында әлеуметтік нысандар жөнделеді

09.11.2022

Шығыста жаңадан құрылған Самар ауданында атқарылатын шаруа шаш етектен. Солардың негізгісі - әлеуметтік нысандарды жөндеп, инфроқұрылымды жаңалау. Өйткені 25 жыл бұрын аудан мәртбесінен айырылған соң ғимарттардың көбі қараусыз қалып тоз-тозы шыққан. Бұл жұмыстар енді тек бюджет қаражатынан ғана емес, демеушілердің есебінен істелмек.

Самар бұрын төрт түлігі түлген ауданның бірі болатын. 1997 жылы Көкпектіге қосылды. Одан соң ауыл мәртебесін алса да бұрынғы әлеуметтік нысандар жаблылған жоқ. Қырық орындық аудандық аурухананы жөндеу үшін биыл 200 миллион теңге бөлінді. 247 миллион теңгеге соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдық алынды. Нәтижесінде ауруханадағы барлық бөлім жұмыс істеп тұр. Тек хирург, анестезиолог сияқты кейбір мамандар жетіспейді.

Гүлафира Шафатаова, Самар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Ол мамандар кейбір жағдайда реанимацияда болады. Екі-үш кісі түсіп қалады. Мына жақтан операция керек болып жатады. Сол кезде анестезиолог керек болып жатады. Сондықтан хирургтардың өздерінің дулблерлері болғаны дұрыс.

Жаңадан құрылған ауданда тек дәрігер емес, мемлекеттік қызметкер де жетіспейді. Маман тапшылығын жою үшін оларды баспанамен қамту тағы бір мәселе.

Олжас Керейхан, тілші:

25 жыл бұрын Самар аудан орталығы мәртебесінен айырылған соң мынадай көпқабатты үйлерге жылу, су беру негізі мәселенің біріне айналды. Сондықтан мұндай үйдегі тұрғындар уақыт өте келе жеке баспанаға көшуге мәжбүр болды. Енді аудан орталығы болып қайта құрылған соң осындай үйлерді жөндеп хлық игілігіне беру қазір негізгі жұмыстың бірі болып тұр.

Қазір санда бар, сапасы жоқ ғимараттарды жөндеудің жоба-жоспары жасалып жатыр. Ал аудандағы тағы бір басты мәселенің бірі жылыту орталығының жоқтығы. Мемлекеттік нысандар шағын қызандықпен жылиды.

Нұртас Нұрақымұлы, Самар аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ал енді аудан орталығы болғаннан кейін әлі де халық екі қабат, бір қабатқа шелекпен көмір тасып күл шығарып жүр. Сондықтан осы ауылға кем дегенде үш үлкен жылыту орталығын салса? Анау 2-5 қабат үйлер орталық жылумен қамтамасыз етсе, сол жақсы болар еді.

Аудан қайта құрылған бойда оны дамытудың 4 жылдық жоспары жасалды.

Раджан Сейітханов, Самар ауданының әкімі:

Ауданның 2022-2026 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспарын, белгілеп бекіттік. Осындағы басты қойып отырғанмыз аудан орталығындағы су құбырларын жөндегеннен кейін, жолдардың бәрін қалыпқа келтіріп асфальт жамылғысын төсеу. Егерде 2023 жылы сметалық құжаттарды дайындататын болсақ, одан кейінгі 2024-25 жылдары осы аудан орталығында модульді жылу қазандығын орналастыру жоспарымызда бар.

Бұрын ауданда 35-40 мың тұрғын болса, қазір 8 ауылдық округты қосқанда 12 мың адам ғана тұрады. Негізінен мал өсіріп, егін салады.Ал ауданның жалпы бюджеті 1 миллирад теңге ғана. Сондықтан аудан басшылары тек қазынаның қаржысына қарап отырмай бұрын жабылып қалған кен орындарын қайта ашып оған инвестиция тартуды көздейді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу