Үкімет басшысы «Shell» компаниясының атқарушы вице-президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы «Shell» компаниясының атқарушы вице-президентімен кездесті

17.03.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті. Тараптар инвестиция тарту мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын пысықтады. Питер Костелло Қазақстан «Shell» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Қазір мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Үкімет жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан ортақ жобаларды дамыту әріптестеріміз үшін одан да тартымды болатынына сенімдіміз, деді Үкімет басшысы.

Хабарламаларға жазылу