Қостанай облысында Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығы аталып өтті

07.11.2022

Қостанай облысында тұңғыш қазақ журналисі Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығы аталып өтті. Қаламгердің туған жері Қарабалық ауданында ғылыми-практикалық конференция, көрме мен ұлттық спорт ойындары ұйымдастарылды.

Мұхамеджан Сералин алғашқы қазақ журналы «Айқаптың» редакторы. Ол халқын оқу, білімге, жаңа кәсіпті игеруге шақырды. Өткен ғасырдың 20 жылдары облыстық, губерниялық атқару комитеттерін басқарды.

Туған өлкесінде оның есімін ұлықтауға ерекше мән беріліп келеді. Қарабалықта Сералин атындағы жаңа қазақ мектебі ашылған. Кіндік қаны тамған ауылы Өрнекке дейінгі жол жөнделді. Алда «Айқап» журналын шығарған Троицкідегі баспа ғимаратында ескерткіш тақта орнату жоспары тұр.

Ақылбек Шаяхмет, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

Еуропаны, орыс тілін ғылымын өте жақсы менгерген. Сонымен бірге бұл қазақ даласында бау-бақша салуын мысалы үшін, бөгет қою, әртүрлі көкеністерді отырғызу секілді, көшпелі қазақ бұған дейін айналыспаған көптеген шаруаларға мұрындық болғаны бізге тарихтан белгілі.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу