Төтенше жағдай салдарынан Торғайдағы той тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай салдарынан Торғайдағы той тоқтады

04.09.2022

Қостанай облысында өтеді деп жоспарланған «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» тойынан ақпарат таратуға біздің түсірілім тобымыз барған болатын. Қазір олар шұғыл түрде өрт болып жатқан аймаққа жолға шықты. Асима, Әулиекөл ауданына жеттіңіздер ме? Дәл қазір қай жердесіздер?

Қайырлы күн, ия біз таңғы төрттен жолдамыз, қазір бір сағаттай жол қалды. Жалпы біз Торғайдағы тойды екі күннен бері түсірдік, бірақ кеше кештен бері ондағы мерекелік шаралардың барлығы тоқтатылды.Ал, тойға деп алынған азық-түлік те түгелдей зардап шеккендерге беру туралы шешім қабылданды. Торғай жұрты қазір де жылу жинауға кірісіп кетті. Еріктілер де көмек көрсетуге дайын. Ал, біз бірер сағатта Әулиекөлге жеткен соң ондағы соңғы ақпараттарды жеткізетін боламыз.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу