Әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздікті 50 мыңдай сақшы қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздікті 50 мыңдай сақшы қадағалайды

04.11.2022

Қатар футболдан Әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 50 мыңдай адамды жаттықтырған. Мұны елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Олардың қатарында шетелден арнайы барған тәртіп сақшылары да бар.

Себебі 3 миллиондай тұрғыны бар елде 1 айға созылатын біріншілік кезінде персонал тапшылығы сезіледі. Мысалы, Түркия Қатарға көмекке 3 мыңдай полиция қызметкерін аттандырған. Шараға тағы қай елдердің қауіпсіздік күштері тартылғаны жөнінде ақпарат әзірге жоқ.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу