Солтүстік Қазақстанда медициналық қалдықтарды жоюмен айналысқан зауыт жұмысы тоқтатылды
Солтүстік Қазақстанда медициналық қалдықтарды жоюмен айналысқан зауыт жұмысы тоқтатылды.
Қызылжар ауданының Малое Белое ауылында орналасқан нысанның 1,5 жылдан бері лицензиясыз жұмыс істеп келгені анықталды. Шағын кәсіпорында пайдалану мерзімі аяқталған дәрі-дәрмек, медициналық қалдықтар өртелген. Тұрғындар шағымынан кейін нысанда тексеріс жүргізіліп, экологиялық заңнаманың бұзылғаны дәлелденді.
Асхат Мәпенов, облыстық экология департаментінің бөлім жетекшісі:
Жаңа экологиялық кодекске сай, 2021 жылдың шілдесінен медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын мекемелер арнайы лицензия алуы тиіс. Бұған дейін шағын кәсіпорын мұндай құжат алуға өтінім жасаған. Нысанда экологиялық талаптар толық сақталмағандықтан, ол берілген жоқ. Соған қарамастан мекеме қызметін жалғастырып келген. Енді ол лицензия алғанға дейін жұмыс істей алмайды.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21