Бельгиялықтар Қазақстанда медициналық қалдықтарды қайта өңдейтін құрылғыларды орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялықтар Қазақстанда медициналық қалдықтарды қайта өңдейтін құрылғыларды орнатпақ

23.04.2020

Бельгиялық кәсіпорын Қазақстанда медициналық қалдықтарды залалсыздандырып, қайта өңдейтін инновация енгізбек. 30 жылдық тәжірибесі бар компания өкілдерінің айтуынша, ауруханаларда пайдалынған инелі шприц, дәке, өзге де қалдықтарды қоршаған ортаға тастау зиян. Оны залалсыздандыратын арнайы машинаны кәсіпорын алдымен Алматы мен Нұр-Сұлтанда, сонан соң елдің өзге аймақтарында орнатуды көздеп отыр. Инновациялық технологияны тоққа қосып, бір маман қадағалап отырса болғаны, барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Залалсыздандырылған қалдықтардан цемент жасауға және ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатынын айтады кәсіпорын өкілдері.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу