Қостанай облысының басшылары Челябі облысымен әріптестік туралы келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының басшылары Челябі облысымен әріптестік туралы келісімге қол қойды

26.03.2015
Қостанай облысының басшылары Челябі облысымен әріптестік туралы келісімге қол қойды

Мұнда Қостанайдан бір топ бизнес өкілдері мен аймақ басшылары арнайы сапармен келген. Мақсат – қос өңірдің арасындағы сауда-өндірістік, ғылыми техникалық және рухани-мәдени байланысты дамыту.

Ресейліктер отандастарымызды нан мен тұз ұсынып ерекше сый құрметпен қарсы алды. Мұнан соң облыс орталығындағы ірі өндіріс орындарын аралатты. Соның бірі «Челябі құбыр жасау зауыты».

Бұл жерден жылына 600 мың тонна өнім шығарылады. Алып кәсіпорынды шикізатпен тоқтаусыз қамтамасыз етуде Қазақстанның да үлесі бар.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу