Көкшетаудағы археологиялық зерттеу институты негізінен тарихтың осы парағын саралаумен айналысады.
Бүгінде 17 мыңнан астам түрлі заттар табылып, сараптамадан өткен.
Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалыпты. Ботай мәдениеті жылқыны қолға үйретумен де ерекшеленеді.
Институт қызметкерлері «Қазақстан аумағында мекендеген тайпаларды әлі де зерттей түсу қажет»,- дейді.
Сондықтан алдағы уақытта Ботай ескерткішінің айналасында, Зеренді ауданына қарасты Қошқарбай, Кенеткөл елді мекендерінде археологиялық қазба жұмыстары жалғасын таппақ.
Ермек ЕЛБЕРГЕН