Қасым-Жомарт Тоқаев штабта сайлауалды бағдарламасын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев штабта сайлауалды бағдарламасын таныстырды

26.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде республикалық қоғамдық штабқа барды. Ол үгіт-насихат және талдау, сенімді өкілдердердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар алаңының жұмысымен танысты. Жоспар бойынша штаб 200-ден астам елді мекенді аралап, 52 мыңнан астам іс-шара өткізуі керек. Жалпы үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалициядан 7 мың 500 белсенді тартылған. Сонымен қатар 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, 20 мың байқаушы дайындалды. Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпарды тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев сенім артқаны үшін барлығына алғыс білдірді. Кездесу барысында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Президенттікке кандидат:
Бәріміз халық алдында жауаптымыз. Бұл – біздің бірегей мүмкіндігіміз. Түбегейлі өзгерістер мен батыл шешімдер қабылдайтын уақыт жетті. Енді басқа мүмкіндік болмайды. Біз елімізді дамытудың және ілгерілетудің даңғыл жолына шығарып, Әділетті Қазақстанды құруға міндеттіміз.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу