Әділет министрі Қанат Мусин Қостанай жұртшылығымен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділет министрі Қанат Мусин Қостанай жұртшылығымен жүздесті

21.10.2022

Әділет министрі Қанат Мусин Қостанай жұртшылығымен жүздесті. Жиында Конституциядағы өзгерістерге сәйкес қабылданған жаңа заң жобалары жайлы айтылды. Олардың мәні мен маңызы сарапталды. Ата заңдағы өзгеріске сәйкес президент жеті жылға бір мерзімге сайланатыны мәлім. Сонымен қатар, Парламент пен Үкімет құзіретіне де толықтырулар енгізілген. Басқосуда көпшілік өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Соның бірі сот орындаушылары жұмысына қатысты. Мысалы сот шешімімен жауапкер қандай да бір тарапқа келтірген шығынын өтесе де, борышкерлер тізімінінен шығарылмайтын жағдайлар кездеседі. Соның кесірінен азаматтар банк қызметіне жүгіне алмай жатады.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

Әр өңірде аймақтық жеке сот орындаушылары палатасы бар. Мұндай жағдайда азаматтар соған жүгінуі тиіс. Палата өз кезегінде істі қарап, егер тоқтатылған болса қайта жаңартады, шығын өндірілген болса жауапкерді борышкерлер тізімінен шығарады. Мұндай заңдық тетіктер бар, оны қолдану қандай да бір қиындықтар тудырмауы тиіс.


Хабарламаларға жазылу