Республика күні: Атыраудағы ұйымдастырылған айтыстың жүлде қоры 10 миллион теңге
Атырауда Республика күніне орай «Егемендігім – ерен елдігім» деген атаумен ақындар айтысы өтті. Жыр додасына елдің әр түкпірінен елдікті өлеңіне арқау еткен 16 ақын қатысты.
Жандос Темірғали, тілші:
16 ақынның ішінен үздік айтыс үлгісін көрсетіп, бас жүлдені еншіледі. Атырау 7 ақынын жарыс жолына қосқан еді. Жалпы сайыста бас-аяғы 8 жұп бақ сынады. Оларға бекітілген тақырып елдік турасында болды. Өлең жүйріктерінің сөз көкпарына Мереке Құлкенов, Несіпбек Айтұлы сияқты қабырғалы қаламгерлер қазылық етеді. Көптің делебесін қоздырған айтыстың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгеге жуық.
Республика күніне орай, Қостанай облысында да игі шара басталған екен.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Республика күні қарсаңында бүгін Қостанай облысында халықаралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады. Үш күнге созылатын іс-шара Алтынсарин ауданындағы демалыс орнында өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға биыл еліміздің барлық аймақтарынан 70-тен астам волонтер жиналды. Сондай-ақ, Лагерьге Қырғызстан, Өзбекстан жастары онлайн режимде қатысады. Негізгі мақсат достық байланысты нығайту, патриотизм, ел мүддесіне жұмылу, бірлік қағидаттарын санаға сіңіру. Бағдарламада медиа сауаттылықты көтеру, ақпараттың ақ қарасын ажырата білу, әлеуметтік желілерде этносаралық шиеліністердің алдын алу туралы дәрістер өткізу де бар. Спорттық мәдени шаралар ұйымдастырылады. Жиналған жастар өртенген орманның орнына ағаш егу жұмысына да атсалысады. Республика күні қарсаңында өңірде осы секілді сан түрлі шаралар жоспарланған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15