«Әбілхан Қастеев», «Құрманғазы», «Күләш» кітаптары жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әбілхан Қастеев», «Құрманғазы», «Күләш» кітаптары жарық көрді

12.12.2014
«Әбілхан Қастеев», «Құрманғазы», «Күләш» кітаптары жарық көрді

Сонымен қатар, «Ғылыми қазына» бағдарламасы бойынша «Классикалық зерттеулер» сериясының 24-34 томдары кітапсүйер қауымға таныстырылды.

«Фольклор туралы зерттеулер» атты 24-ші томына Мәлік Ғабдуллиннің қазақ фольклорына қатысты ғылыми еңбектері енді. Ал, 25-ші том «Қазақтың жыраулық мұрасына» арналған.

Онда XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы мен оның белгілі өкілдерінің шығармаларына қатысты зерттеулер топтастырылған.

Көптомдық жинақты Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарды.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу