Алматы көшелеріне тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттері ілінді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы көшелеріне тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттері ілінді (ВИДЕО)

23.10.2015
Алматы көшелеріне тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттері ілінді (ВИДЕО)

Алматы дизайнерлері тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасады. Әзірге 5 адамның бейнесі салынған: Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әбілхан Қастеев, Бауыржан Момышұлы және Тоқтар Әубәкіров.

Суреттерде  нақыл сөздер де жазылған. Енді есімі елге танымал, бірақ келбетін біле бермейтін тұлғалардың портреті жасалмақ.

Мотивациялық суреттер көк және қызыл түстің үйлесіміне негізделген. Оны плакат түрінде, киім мен ыдысқа басып шығару да ыңғайлы.

Бүгінде дизайнерлер Күләш Байсейітованың жалпыға белгілі бейнесін іздеуде. 

Тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу