Кез келген өнер иесіне бұл жанрға бару үшін білімі мен білігінен бөлек батылдық та керек.
Сол себепті де болар, бұл салада биіктен көрінген қазақ саусақпен санарлық.
Бұл өнер майталмандарының тәуелсіз еліміздің мәдени дамуына қосқан үлесі зор.
«Біз әлемдік сахналарда Моцарт, Бетховендермен қатар, қазақтың Еркеғали Рахмадиев, Шамғон Қажығалиев, Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторлардың шығармаларын, орындаймыз. Шетелдіктер сонда таң қалып жататын», дейді скрипкашы Айман Мұсақожаева.
Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО халықаралық ұйымының берген «Әлем әртісі» деген атағы дәлел. Сол себептен де, көрші елдің өнер майталмандары дүниежүзіне танымал қазақ қызынан сабақ алуды міндет санайды.
Әлемдік классика шығармалары қазақ халқына кешеуілдеп жеткенімен, еліміздің өнер майталмандары өзгелерден оза шапты.
Бұл – өнерімізді шетелдіктерге паш етіп жүрген осындай дарын иелерінің арқасы екені анық.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ