Алматыда Абай мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды
Алматыда ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 175 түп қарағай отырғызылды. Игі бастаманы қалалық әкімдік, саңыраулар қоғамы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы бірлесіп жүзеге асырды. 175 ағашты әскери курсанттар мен кез келген тұрғын өз еркімен отырғызды. Жалпы Алматыны көгалдандырудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленген болатын. Жобаға сәйкес 1 млн ағаш отырғызу жоспарда бар.
Тимур Елеусізов, «Қазақстанның экологиялық патрулі» ҚБ төрағасы:Ұлы ақынның мерейтойына орай аллея ашып, ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырдық. Пайдалы шара тұрғындардың жасыл желекті қорғау, табиғатты аялауға деген сезімін оятады деп ойлаймын. Бұл экосаябақта осыған дейін 2400 ағаш егілген. Енді 175 түп қарағай қосылды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16