Елімізде криптавалюта өндіретін майнерлерге талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде криптавалюта өндіретін майнерлерге талап күшейеді

12.10.2022

Елімізде криптавалюта өндіретін майнерлерге талап күшеймек. Енді 2024 жылдан бастап олар өз капиталының 75 пайызына дейін қазақстандық криптобиржаларға айырбастау міндеттелуі мүмкін.

Бүгін Мәжіліс отырысында «Цифрлық активтер туралы» заң жобасы жан-жақты талқыланды. Қазір елімізде майнингпен заңды түрде айналысатын 50-ге жуық компания бар. Бұған дейін энергия тапшылығын тудырған 150-ден астам майнинг компанияның жұмысы тексеріліп, олардың кейбіріне қылмыстық іс қозғалған. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов мұндай компанияларды тіркеу мен жұмыс істеу тәртібі күшейгенін айтады.

Жандос Нұрмағамбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Электр энергиясы ең бірінші елдің, халықтың, өнеркәсіптердің сұранысын жабу керек. Осының барлығы толық жабылғаннан кейін, қалған электр энергия майнингке жібере алады. Бұл квотаны жүйелік оператор бекітіп береді және бұл квотаның ішінде болатын бағаны аукцион арқылы сатып алу керек болады майнинг компанияларына. Бұл жерде тек ішкі нарықты жауып болғаннан кейін майнингке жібере аламыз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу