Қазақстанда ескі үлгідегі телефондардың бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ескі үлгідегі телефондардың бағасы өсті

07.04.2016
Қазақстанда ескі үлгідегі телефондардың бағасы өсті

Қазақстанда 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон ұстауға тыйым салынған. Жаңа ережеге сәйкес құпия ақпараттармен жұмыс істейтін қызметкерлердің телефондарында диктофон, камера және Bluetooth функциялары болмауы тиіс.

Ереже бекітілгелі бері ең қарапайым, ескі үлгідегі телефондарға сұраныс артқан. Ал, кейбір қазақстандықтар бұл мүмкіндікті өз пайдасына шешуге тырысып, интернет-дүкендерде телефон бағасын бірнеше есе шарықтатып жіберді. 

Хабарламаларға жазылу