Қостанайға Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихат тобы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихат тобы келді

10.10.2022

Қостанайға Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихат тобы келді.

Мақсат – әскери қызметшілер мен қарапайым тұрғындарға Президент жолдауын түсіндіру, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау. Жастарды қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, отан қорғаушылардың имиджін нығайту. Осы бағытта мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді. Қарттар үйіндегі тұрғындарға сый-сыяпат тарту етілді. Соғыс ардагері, жыршы-термеші Қасымхан Алдабергенов осы кездесуде естелік әңгімелерімен бөлісті.

Дәуренбек Әбдібек 


Хабарламаларға жазылу