Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық насихат тобы кеңейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық насихат тобы кеңейді

05.04.2019

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық насихат тобы кеңейді. Бұрын бұл іспен Республика бойынша 28 маман айналысса, бүгіннен бастап олардың қатарына тағы 30 қызметкер қосылды. Насихат тобының барлық мүшесі емтихан тапсырып, бас мүфтиден нақты тапсырмалар алды. Енді қызметкерлер әр сапары бойынша есеп беретін болды. Егер бекітілген ережені орындамайтын болса, насихат тобынан шығару мәселесі де қаралмақ.

Серікбай Қажы Ораз, бас мүфти:

Мүфтияттың жұмысы 4 бағытта жұмыс жасайды. Бірінші – уағыз насихат. Екінші – жат ағымның алдын алу. Үшінші – қайырымдылық жұмыстарымыз болатын болса, төртінші біздің дінге бет бұрған азамттарымыздың сауатын ашып, діни білімдерін арттыру.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу