Астанада Швейцарияның ЖОО-ын бітірген қазақстандық түлектер кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Швейцарияның ЖОО-ын бітірген қазақстандық түлектер кездесуі өтті

10.10.2022

Астанада Швейцарияның Жоғарғы оқу орындарын бітірген қазақстандық түлектер кездесуі өтті. Салтанатты жиынға елші Дафид Грифтинг қатысып, екі елдің арасындағы достықты нығайтуға білімді азаматтардың қосатын үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Швейцарияның білім саласындағы байланыстың да маңызына тоқталды. Мәселен, құрамына туризм бағытындағы төрт университет кіретін «Swiss Education Group» альянсы отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Дастан Сейітқазин, Swiss education group өкілі:

Еуразия Ұлттық унисерситеті, КазГЮУ университеті бар Нәрікбаев атындағы, солармен бірге мысалға меморандумға қол қойып, сол меморандумның барысында екі дипломдық жобалар жасап жатырмыз. Студенттермен алмасу, мұғалімдерге тренингтер жасау, олардың білім сапасын студенттердің арттыру, оларға Швейцарияның есіктерін ашып, олардың жоғарғы білімдерін алуға мүмкіндіктерді асыру деп айтуға болады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу