Сайлау – 2022: Қарақат Әбден кандидаттық талапқа сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау – 2022: Қарақат Әбден кандидаттық талапқа сай

11.10.2022

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Қарақат Әбден кандидатқа қойылатын талапқа сай. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды.Үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 9 жыл 1 ай. Президенттікке үміткерлікке өтініш қабылдау бүгін 18:00 де аяқталады. Ресми ақпарат бойынша, бүгінге дейін орталық сайлау комиссиясына 8 үміткер құжат тапсырған. Оның бесеуі Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкес келеді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу