Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі жазушы, драматург Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесасы көрерменге жол тартты. Қоюшы режиссері – Еуропаға танымал литвалық Йонас Вайткус.
«Қорқыттың көрі» – Қорқыт бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған сахналық тұжырымы. Қойылым алма-кезек дүниедегі діндер астасуындағы киелі рухани ұғымның жаназа-реквиемі.
Ықылым замандағы бабалар тарихынан сыр шертетін туындының авторы бұл пьесаны ширек ғасыр бұрын жазған, бүгін театр сахнасынан қойылып жатқанына дән риза.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ