Сенат «Жасыл экономика» моделіне қатысты заң қабылдады
Сенат «Жаһандық жасыл өсу институтын құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң қабылдады. Қазір 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл өнеркәсіп салаларының ең озық қолжетімді технологияларға көшуіне жол ашылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл келісім елімізде «жасыл экономика» моделін енгізу ісін де жеделдетеді дейді. Келісім аясында халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ұлттық жоспарларды әзірлеуде қолдау көрсетпек. Осы арқылы бұл салаға тиісті инвестиция тартылып, көміртекті жобалар енгізіледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парлемент сенатының төрағасы
Қабылданған заң жаһандық жасыл өсу институтының серіктес елдерімен экологиялық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасуға жол ашады. Сол арқылы Қазақстанды теңгерімді әрі тұрақты дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39