Алматыдағы ең ірі көтерме сауда базары мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматыдағы ең ірі көтерме сауда базары мемлекет меншігіне қайтарылды. Қаланың Экономикалық соты бүгін «Барыс 4» нысанына қатысты үкім шығарды. Бұған дейін Бас прокуратура базардың бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған. Нарықтағы құны 1,5 миллиард теңге тұратын нысан 307 миллион теңгеге саудаланған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген. «Мәмілені жарамсыз деп тану үшін сатып алушыға нысан құнын төмен бағалауда көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату дерегі расталды», - дейді соттың баспасөз қызметі.
Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының ресми өкілі:
Уәкілетті органның өкілі нысанды жекешелендіру кезіндегі мемлекет мүддесіне нұқсан келтіре отырып, аз шығынмен жүргізілгенімен келісіп, талаптарды мойындады. Сот талап-арызды қанағаттандыру және «Найза-БН» ЖШС жарлық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Run for Autism» жүгірісі өтеді
26.03.2026, 17:35
Қарағандыда наурыз мерекесі жалғасуда
26.03.2026, 17:33
Адам тәріздес тағы бір жұмысшы робот таныстырылды
26.03.2026, 17:30
Ақтөбелік студенттер полицейлерге көмектесуде
26.03.2026, 17:27
25 мың жас жұмыспен қамтылады
26.03.2026, 17:24
Ресейде санкцияның салдары күшейіп барады
26.03.2026, 17:21
Табысын жасырғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр
26.03.2026, 17:18
Коммуналдық төлемдер бірден қымбаттамайды
26.03.2026, 17:15