IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақ спортшылары финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақ спортшылары финалда

30.09.2022

Жүзден аса елден спортшы қатысқан сайыстан қазақ спортшылары да шет қалмады. Жерлестеріміздің жетістіктері де жоқ емес. 

Бүгін дүниежүзілік көшпенділер ойынының екінші күні. Қазақ спортшылары көкпар, жамбы ату мен садақ ату бойынша сайысқа түсіп финалға жолдама алды. Алдағы екі күнде тағы бірнеше ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түседі. Екі күннің нәтижесі бойынша жетістіктер жаман емес. Мамандар алдағы сайыстардан бірнеше медаль аламыз деп жоспарлап отыр.  

Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры:
Кешеден бері ұлттық құрамамыз жақсы келе жатыр. Кеше көкпаршыларымыз Өзбекстан құрамасын 6-1 есебімен жеңді. Бірінші қазан күні моңғолиямен кездеседі. Біз 12 спорт түрінің тек 4-5 түрін ғана алып келдік орын аламыз-ау деген спорт түрлеріне ғана күш салдық, соларды ғана дайындадық. Сол 5 спорт түрінен де жеңіске жетімз деп ойлаймын.

Бұған дейін Қырғыз елінде өткізіліп келген Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Түркияда алғаш рет ұйымдастырылдыр. Екі жылда бір рет өтетін спорт сайысына биыл 102 елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Ойындар өтетін алаң Изник көлінің жағасында этно стильде безендірілген. Көшпенділердің өмір салтын айшықтайтын түрлі көрмелер де бар. Бұл жерде сондай ақ жарыс тамашалауға келген халыққа садақ ату, атқа міну, арқан тарту сияқты ойындар да көрсметіліп жатыр. Көшпенділер ойындары жексенбі күні аяқталады. Қай елдің командасы қандай орын алғаны сол уақытта белгілі болмақ. 

Айдос Әшімұлы 

Хабарламаларға жазылу