Ерлан Қошанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қошанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

30.09.2022

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов мемлекет басшысының тапсырмасымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.Оған әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда.Мәжіліс Төрағасы дүбірлі дода алдында Қазақстан құрама командасымен кездесіп, мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізді. Көшпенділер ойыны бауырлас елдердің мәдени байланысын күшейтіп, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етеді деді өз сөзінде.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

Президент тапсырмасымен арнайы келдім, Дүниежүзілік осындай ойынға қатысу үлкен мәртебе. Сол жолда барлығыңызға жеңіс тілеймін. Бүкіл қазақстандықтар бүгін сіздерге жанкүйер болып отыр. Жолдарыңыз болсын, аттарыңыз шаршамасын.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу