Төтенше жағдайлар министрлігінің 20 өрт сөндірушісі "Ерлігі үшін" төс белгісімен марапатталды.
Жоғары марапатқа Астана мамандарымен бірге үш өңірдің қызметкерлері ие болды. Олар Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы алапат өртті сөндіруге қатысқан. 48 азаматқа Президенттің Алғысы жарияланды. Арасында тілсіз жаумен бес күн бойы көз ілмей күрескен сарбаздар да бар.
Аслан Байбөгенов, Қостанай облысы ТЖД №15 өрт сөндіру бөлімше командирі:
Халықтың үйлері жанған кезде өзімізді қолға алып, бар күшімізді салып қызметімізді атқардық. Бұл медаль сол жерде қатысқан барлықтарына да тиесілі деп ойлаймын.
Ламбриан Топузидис