Ақтөбеде 42 балаға тұмауға қарсы екпенің орнына басқа вакцина салыну дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Мектепке қызмет көрсетуші «Медикус центр» емханасының қызметкерлерінен де жауап алынған. Еске салайық,қала маңындағы Рауан елдімекенінде мектеп оқушыларына манту сынамасының орнына, өзге вакцина салынған. Дәрігерлер қателігінен орын алған келеңсіздікке ренжіген ата-аналар шу көтерді. Бұл жағдай облыс басшылығы мен Денсаулық сақтау миинистрлігінің бақылауында.
Қанат Қазмұхамбетов , Алматы ауданы прокурорының орынбасары:
Қылмыстық кодекстің медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соынмен қатар аталған дерек бойынша уәкілетті органдармен тексеріс жүруде