Ақтөбедегі оқиғаға байланысты лаңкестік бойынша қылмыстық іс қозғалды - А.Кравченко

10.06.2016
Ақтөбедегі оқиғаға байланысты лаңкестік бойынша қылмыстық іс қозғалды - А.Кравченко

Ақтөбеде лаңкестік орын алғаны анық, сондықтан лаңкестік бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Ақтөбеде лаңкестік орын алғаны анық, сондықтан лаңкестік бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер өте көп болуы мүмкін, оның барлығы бір өндіріске топтастырылуы да ғажап емес. Және ол бір жерде тергеледі», - деді ол бүгін ҚР ҰКП отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестік орын алды. 29 лаңкес қару сататын дүкенге және Ұлттық Ұланның әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Азаматтардың ішінде үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Сондай-ақ қару сататын орынға бірінші жеткен полиция қызметкерлері көз жұмды. Түнгі ұстау барысында да полиция қызметкерлері жапа шекті. Әскери қызметкерлер арасынан үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Елімізде 40 тәулікке лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі енгізілді. Осы уақыт аралығында 13 лаңкес жойылды, 14 жарақат алып, 2 қамауға алынды.

Ақтөбе облысында лаңкестікке қарсы операция әлі жалғасуда. Арнайы іс-шара барысында іздеуде болған тағы 5 лаңкестің көзі жойылды. Келіссөздер барысында олар өз еріктерімен берілуден бас тартып, қарудан оқ атқан. Тұрғындар мен құрылымдық күштер қатарынан шығын жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР Бас Прокуратурасы Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғады.

Хабарламаларға жазылу