Астанада БАҚ өкілдеріне арналған оқыту курсы өтіп жатыр
Астанада БАҚ өкілдеріне арналған оқыту курсы өтіп жатыр. Шараны Орталық сайлау комиссиясы мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралды оқыту орталығы ұйымдастырған. Дәріс кезінде журналистер біліктілігін арттырып қана қоймай, сайлау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша мәлімет ала алады. Оқу үш күнге созылады. Қатысушыларға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Орталық сайлау комиссиясының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Кембаева лекция оқиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің өзегі
25.08.2026, 17:33
Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті
25.08.2026, 17:30
Елордада есірткіге қарсы шара өткізілді
25.08.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 17:25
Алматыда көзді тегін тексеріп жатыр
25.08.2026, 17:22
Инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуы қажет?
25.08.2026, 17:20
Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі
25.08.2026, 17:20
Жамбыл облысында балалардың қатысы бар 301 жол апаты болған
25.08.2026, 17:17