Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің өзегі
Амандасу әдебін білу, оны дұрыс қолдану – ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі. Белгілі ақын, этнограф Қасымхан Бегманов осындай пікірде. Оның айтуынша, қазақ халқы адамды көргенде сәлем беріп, жылы шырай танытуға ерекше мән берген. Мұндай әрекеттер адамның амандығын сұрап, оған деген құрмет пен сағынышты да қатар көрсеткен. Бұл дәстүрлер халқымыздың ұлттық болмысын танытып, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болудың үлгісін қалыптастырған, - дейді этнограф Қасымхан Бегманов.
Қасымхан Бегманов, ақын, этнограф:
Амандасу әдебі бізде ұзақ уақыттан бері қалыптасқан. Ата-бабаларымыз алыс жолдан алдынан жүгіріп шыққан балалардың маңдайынан иіскеген, шашынан иіскеген, басынан иіскеген, арқасынан қаққан. Сондай ғасырлар бойы қалыптасқан әдептеріміз бар өйткені біздің салт-дәстүрімізде, ырым тиымдарымызда бұл мәселе анық айтылған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16