Халық пікірі: Сайлау - оң өзгерістердің заңды жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Сайлау - оң өзгерістердің заңды жалғасы

28.09.2022

Президентті бір реттік мерзімге ғана сайлау нормасы-- Қазақстанның демократиялық бағытты берік ұстанғанының дәлелі. Елде мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделі қалыптасты. Енді келесі қадам - осы модельді іске қосу болмақ. Халықтың пікірі - осындай.

Жеті жылдың ішінде кез-келген реформаны бастап және оны аяқтап үлгеруге болады. Осы жағына келгенде бұл өте оптималды. Президенттік сайлау өтсе, артынан Парламент, соның ішінде Мәжіліс, одан кейін мәслихаттар, бұның бәрі сол биліктің ары қарай жүзеге асырушы тетіктері, яғни институттар деп аталады. Осының бәрі түгел өзінің орнына келгенде, мен ойлаймын, елімізде мына саяси жүйе тұрақты, экономика қарқынды дамиды деп ойлаймын


Және бұл Президент сайлауы жеті жылда бір рет қана және бір өкілеттілікке ғана сайланатыны қазіргі таңда қоғамдағы үлкен бір өзгерістердің тууы. Жалпы ол жаңалықтар күнде болып жатқанын көріп жатырмыз.


Бала тәрбиесіне - ана жауапты. Отбасы тәрбиесіне - жолдасы жауапты дегендей сондықтан баламның қасында анасының көп болғанын қалаймын, осы маған ұнағаны. 2023-жылдан бастап елге, халыққа деген аналарға деген үлкен қамқоршылық жасап жатыр. Балаға деген әлеуметтік қолдау білдіріп жатыр.


Президентіміздің атқаратын мерзімі жеті жылға созылғанмен, бірақ ол бір реттік қана таңдау болады.Тың өзгерістер келіп жатқаны анық. Мүмкіншілік берілуде. Тек бізге жастарға кішкене іздену керек деп ойлаймын.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу