Халық пікірі: Алдағы сайлау-реформалардың заңды жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Алдағы сайлау-реформалардың заңды жалғасы

31.01.2023

Алда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы - елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың заңды жалғасы. Халық бұл саяси науқаннан соң тың серпілістер боларынан үмітті. Ал азаматтардың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беру- демократияға бастар жол. Дамуға жаңаша серпін беріп, болашаққа сенімді нығайтады дейді көпшілік

Депутаттыққа 30 пайыз жәй адамдар түсе алады деп жатыр. Сол адамдар адал өтсе, біршама өзгерістер болама деп ойлаймын елімізде. Өзгерістер болған дұрыс. Бұрынғы емес, жаңа реформалар жасау маңызды. Елімізде қарапайым адамдардың еңбегі өсіп, жағдайлары жақсарса деймін.

Білім жағына мән беру керек. Балық берме, қармақ бер дейді ғой. Сол балалардың болашағы үшін, білімге көбірек ден салса деймін. Әрине өзгеріс керек. Ол жаңа адамдардың деңгейі қандай мысалға. Ол адам қандай өзгеріс әкелед, соған мән беру керек. Тілін жақсы білетін, сүйетін патриот адам болса екен деймін.

Жастардың болғаны жақсы. Қазір жастардың бәрінің көзі ашық. Солардың бірі болса деп ойлаймын. Өзгерістердің болғанын қалаймын.

Жаңа заңдар керек қой, әрине. Мына халықтың жағдайын ойлайтын кісілер керек. Жастардың, көпбалалы аналардың жағдайларын ойлайтын кісідер керек депутаттыққа сайлауға. Осы халықтың ішінен сайласа жақсы. Олар халықтың мұңын түсінеді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу