Көші-қон мәселесін түсіндіру жұмыстары үшін жедел желі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көші-қон мәселесін түсіндіру жұмыстары үшін жедел желі ашылады

27.09.2022

Алдағы күндері бұл мақсатта жедел желілер ашылады. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде өткізген кеңесте айтты. Үкімет басшысы уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды тапсырды. Ол елге келіп жатқан мигранттардың бір жерде шоғырланбауы үшін қажетті шаралар қабылдау қажет дейді. Мұндай жағдай болмас үшін жауапты министрлікке Халыққа қызмет көрсету орталықтарыннан қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу