Қостанай облысында «Бекет - 2022» кешенді оқу-жаттығуы өтті
Қостанай облысында «Бекет - 2022» кешенді оқу-жаттығуы өтті. Он күнге созылған әскери іс-шараның мақсаты - төтенше жағдай туындағанда түрлі ведмоствалардың бірлескен іс-қимылын үйлестіру. Жедел шешім қабылдап, қауіп-қатерге батыл тойтарыс беруге машықтану. Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және арнайы шекаралық операцияны жүргізу де пысықталды. Оқу-жаттығуға запастағы әскери қызметкерлер қатысып, теориялық және тактикалық сынақтан өтті. Атыс қаруларын қолданып, төтеннен тап берген дұшпанға тойтарыс беру жолдарын үйренді. Бұл іс-шара негізінен аумақтық қорғанысты күшейтуді көздейді.
Алмат Ғалымбек, запастағы офицер:
Мобилизация болса біз бірінші кезекте стратегиялық маңызды нысандарды қорғаймыз. Аумақтық әскердің ең маңызды рөлі- тез жинақталу және төтенше жағдайларға дайын болу, төтеп беру
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18